Жобаның мақсаты
Студенттердің экологиялық зерттеу дағдыларын дамыту және жасанды интеллект құралдарын ғылыми тұрғыдан жауапкершілікпен пайдалануға үйрету.
Жоба туралы
EcoAI Research — студенттерге жасанды интеллект, ғылыми әдебиет және экологиялық деректер арқылы зерттеу жүргізуге көмектесетін оқу-зерттеу платформасы.

Магистрлік диссертация
«Студенттердің экологиялық зерттеулерінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары»
Платформа осы тақырыптағы магистрлік зерттеудің практикалық бөлігі ретінде әзірленуде. Ол жасанды интеллект технологияларын студенттердің экологиялық зерттеу жұмысына енгізудің нақты жолдарын көрсетеді.
Студенттердің экологиялық зерттеу дағдыларын дамыту және жасанды интеллект құралдарын ғылыми тұрғыдан жауапкершілікпен пайдалануға үйрету.
Платформа теориялық білімді нақты экологиялық мәселелермен байланыстырып, студенттердің табиғатты қорғауға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттер ақпаратты іздеуді, дереккөздерді бағалауды, деректермен жұмыс істеуді және ғылыми қорытынды жасауды үйренеді.
Жасанды интеллект бұл жерде зерттеушінің орнын баспайды: ол ақпаратты іздеуді жеделдетіп, ойлауға бағыт береді, ал соңғы шешім мен жауапкершілік студентте қалады.